Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда жасөспірімді зорламақ болған ер адам ұсталды

AstanaTV
06.12.2022ж. 20:00
1662
Атырауда жасөспірімді зорламақ болған ер адам ұсталды

Атырауда тапа-талтүсте қаланың қақ ортасында ер адам жасөспірімді зорламақшы болған. Абырой болғанда, 34 жастағы күдікті дер кезінде ұсталып, қамауға алынды. Полицейлердің дерегінше, зардап шеккен жасөспірімнің анасы қызын көлікте қалдырып, дүкенге кіріп кетеді. Сол сәтте күдікті көлікті заңсыз жүргізіп, үйлердің арасына барып, арам пиғылын жүзеге асырмақшы болған. Дүкеннен шыққанда көлігін де, қызын да таппай қалған әйел адам бірден 102ге хабарлаған. Полицейлер күдіктіні көлік ішінде жалаңаш күйде ұстады.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Хабарлама бойынша Патрульдік полиция қызметкерлері және бейнекамераларда отырған қызметкерлер дереу әрекет етіп, жедел әрекет етудің нәтижесінде 1988 туылған күдікті азамат жасөспірімді зорлауға оқталу барысында анықталып ұсталды, Қазіргі таңда ол қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Б. Надірқызы