Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақстандықтардың ақылы жолдар үшін қарызы 5 миллиард теңгеден асты

AstanaTV
06.12.2022ж. 20:00
1827
Қазақстандықтардың ақылы жолдар үшін қарызы 5 миллиард теңгеден асты

Қазақстандықтардың ақылы жолдар үшін қарызы 5 миллиард теңгеден асты. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, бұл - бір жылда жиналған берешек.

Ақылы жолға қарыздың тең жартысы Қызылорда облысының тұрғындарына тиесілі. Көлік жүргізушілері автомобиль жолдары комитетіне жүгініп, жеңілдік жасауды сұраған.

Азат ҚАРАКӨЗ, ҚР ИИДМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Көбінесе қызылордалықтар, жүк көліктері. Ақылы учаскілер бойынша 5 млрд қарыз жиналып тұр.

Сол 5 млрд өтеу үшін қазіргі халықпен медиативтік келісім бойынша келісімшартқа отырып жатыр Қазавтожол Ұлттық компаниясымен. Сондай жеңілдіктер қарастырылып жатыр.

Ақылы жолмен жиі жүретін жүргізушілерге 15 желтоқсаннан бастап абонентік төлем енгізіледі. Яғни айға, жылға арналған төлемдер болады. Жалпы ел бойынша 11 ақылы учаске бар. Жыл басынан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта Қызылорда-Шымкент, Тараз-Қайнар, Шымкент-Өзбекстан шекарасы арасында қатынайтын жүргізушілердің едәуір қарызы бар.

Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:

Біз Астана - Щучинск тас жолындамыз. Көліктер ағыны көп. Күніне мұнда 3000-4000 көлік өтеді екен.

Ұзындығы 211 шақырымдық жол арқылы діттеген жеріне жететін жүргізушілердің қарызы 53 миллионнан асады. Жұмыс бабымен Нұржан Тілеубаев бұл жолмен апта сайын өтеді. Ақылы жолға қатысты айтар уәжі бар.

Нұржан ТІЛЕУБАЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

Енді ақылы болса, жолдың бәрін жасау керек шығар. Өйткені жолдың өзінде тесіктер бар. Ақкөлден бері қарай келе жатқанда. Бозайғырдан бері қарай шыққанда тоже бар екен тесіктері.

Нұржаннан ғана емес, өткен-кеткеннің бірсыпырасынан сұрадық. Жолдың сапасы мен төлем жүйесіне көңілдері толмайды.

БЛИЦ:

- 870 теңге төледім кеше. Ал бүгін арзан 620 теңге көрсетіп тұр. Сонда не күнде әртүрлі бола ма не?

- Менің номерімді көрмей тұр. Камера қою керек качественный ақша алғаннан кейін.

- Жаман. Тазаламайды. Туалеттері істемейді.

- 1780-ге шықты ғой Бозайғырға барып келгенге. Әрине қымбат.

Қымбат демекші жауапты мекеме жол құны өспейді деп сендірді. Керісінше, жеңілдіктер қарастырылатынын алға тартты.

Сәкен ӘДІЛБЕК, "ҚАЗАВТОЖОЛ" ҰК АҚЫЛЫ ЖОЛДАР ДИРЕКЦИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі күнде 3,4,5,6,7 санаттағы яғни ең ауыр жүк көліктері олардың барлықтарына бізде абоненттік төлем алынатын болады. Жолдардан түскен қаржы бірінші сол жолдарды күтіп ұстауға.

Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:

Жолдардың ақылы болуы күре жолдарымыздың инфрақұрылымын гүлдендіріп, түрлендіріп жіберсе, қанеки? Жолдарға таяу жатқан елдімекендердің тұрғындары да жұмыспен қамтылар еді. Әрі жолдарымыздың сапасы шет елдердің жолдарымен теңесіп жатса құба-құп.

Қ. Мерей