$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Екібастұздағы барлық тұрғын үйге жылу берілді

AstanaTV
07.12.2022ж. 20:00
1063
Екібастұздағы барлық тұрғын үйге жылу берілді

Екібастұздағы барлық тұрғын үйге жылу берілді. Қазір пәтерлердегі температураны көтеру үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жылу электр орталығы қалыпты режимге көшкен. Алдағы 2-3 күннің ішінде қала халқы қалыпты өмірге оралады деген сенім бар. Өңірге іс-сапармен барған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов аймақтың жаңадан тағайындалған әкіміне бірқатар тапсырма жүктеді.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Қазір өзекті мәселе - инфрақұрылымдарды жаңарту. Өкінішке қарай, біз өте күрделі апатқа тап болдық. Екібастұз қаласының бір бөлігі бір аптадан бері жылусыз қалды. Білікті мамандардың арқасында қалаға жылу берілді. Бұған кінәлілер жауапқа тартылатын болады. Әкімдіктің алдындағы басты тапсырма жылыту маусымын ойдағыдай өткізу керек.

Бұдан бөлек, қалада әлеуметтік нысандарға да жылу беру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кейбір мектептер мен балабақшада жылу құбырлары мен радиаторлар ауыстырылуда. Ал Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі № 50 үйдің де құбыры жарылған. Тұрғындар жылусыз қалмас үшін үй аумағында жаңадан жер үсті құбыры тартылып жатыр. Жөндеу жұмыстары ертеңге дейін аяқтаталады дейді жауаптылар.

Ө.Қуанар