Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Пойыздардың бірнеше сағаттап кешігуіне не себеп?

AstanaTV
07.12.2022ж. 20:00
1570
Пойыздардың бірнеше сағаттап кешігуіне не себеп?

Әлеуметтік желіде қазір жолаушы пойыздарының уақытынан кешігіп жатқандығы туралы бейнежазба қызу талқылануда. Теміржол вокзалдарында жиналған ығы-жығы халық наразылық білдіріп жатыр. Бұған қатысты "Қазақстан темір жолы" не дейді? Пойыздардың қозғалыс кестесі неге тұрақсыз? Толығырақ тілшіміз Әсел Дүкембаева тарқатады.

Әлеуметтік желіде жарияланған бұл бейнежазба Астанадағы теміржол вокзалында түсірілген. Автордың айтуынша, пойыздар 3-4 сағаттап кешігіп жатыр. Ал оны күткен халық сенделіп жүр.

Вокзалға біз де бардық. Кесте бойынша, Алматы-Орал, Алматы-Астана пойыздары таңертең келуі керек болған. Бірақ жолаушылар түстен кейін де пойызды күтіп, әлі отырды. Ал жүру уақытының ауысқаны туралы біреуге хабарлама жіберілсе, кейбіреулер онан бейхабар.

БЛИЦ:

- Қостанай қаласына кетіп бара жатырмыз, 11 дегі поезд 15.30-ға қалды. Білмеймін. 10.30 кезінде естідік.

- Хабарланды. Бірақ айтқан жоқ не үшін, жоқ келгенде естідік. 11 ден бері.

- 1 ай болды. Халыққа қиын болды. Бәрі в ожидании. Залдың ішінде орын жоқ отыратын. 5-6 сағат болды, 7 сағат,8 сағат.

Қазақстан Темір Жолы мәселе бақылауда екенін хабарлады. Соңғы уақытта жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінде өзгерістер бар деді.

Мәди МҰХАМЕДҚАЛИ, "ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ" АҚ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жүк тасымалы пойыздары рельстен шығып кетіп және сол жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның үстіне ауа райының қолайсыздығы бар, осындай жағдаяттарға орай жолаушылар тасымалдауы кешігіп жатқаны бар.

Қыс басталса, пойыздардың кешігуі әдетке айналған. Ұлттық компания келтірілген қолайсыздықтар үшін халықтан кешірім сұрайтындарын жеткізді. Дегенмен, жолаушылар әр кешігуіне сағаттап төлемақы талап етуге құқығы бар. Оны қайдан аламын десеңіз? Билет сататын кассаға барып, билетіңіздің көшірмесін өткізіп, кешіккен уақытқа байланысты билет құнының 3 процентін қайтара аласыз.

Ә.Дүкембаева