Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Зеренді ауылында 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр

AstanaTV
07.12.2022ж. 20:00
1597
Зеренді ауылында 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр

Ақмола облысында Бурабай курортты аймағынан кейін туристер көп келетін жер- Зеренді. Сондықтан оның әлеуетін арттыру ерекше назарда. Зеренді ауданында барлық сала бойынша ілгерілеушілік бар.

Аймақ басшылығы қолдауының арқасында құрылыс саласында нақты жұмыстар қолға алынып, бірқатар жоба жүзеге асырылды.

Әсен ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Зеренді ауылында 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша құрылыс-монтаждау құны- 587 млн.теңге. Биыл соның 200 млн.теңгесі бөлінді. Жылумен жабдықтау нысандары мен инженерлік желілерін одан әрі жаңғырту шеңберінде биыл Зеренді ауылында қуаты сағатына 19,5 гигакалориялық қазандық орнатуға қатысты жұмыстар аяқталды. Бұл орталық қазандықтың қуатынан 3 есе артық.

Биыл Қарлыкөл, Игілік және Қазақстан ауылдарындағы су құбыры желілерін күрделі жөндеу бойынша 3 жоба жүзеге асырылды. Облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.

Әсен ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға бір жыл уақыт кетеді. Құжат дайын болған кезде, жолды жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Былтыр Ұялы ауылына апаратын жолға құм төселді. Оған 70 млн.теңге қаражат жұмсадық. Бірақ, жүк таситын ауыр көліктердің көп жүруінен жол қайтадан бүлінді. Жолға орташа жөндеу жұмысын жүргіздік.

Зеренді ауданында 2 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік нысаны бар. Онда 7 мыңға тарта адам еңбек етеді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында Зеренді мен Шағалалы елдімекендерінде арнайы дүкен ашылды. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге 64 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Жаңадан 1 мыңға тарта жұмыс орны құрылды.