Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"АрселорМиттал Теміртауда" жұмысшы қайтыс болды

AstanaTV
08.12.2022ж. 20:00
1887
"АрселорМиттал Теміртауда" жұмысшы қайтыс болды

 "АрселорМиттал Теміртау" Акционерлік Қоғамы металлургия комбинатының кокс-химия өндірісінде 1982 жылы туған жұмысшы қаза тапты. Компания өкілдері арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Бұл іске қатысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі жақын арада компанияға қатысты шаралар қабылдайтынын жеткізді.

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

"АрселорМиттал Теміртау" басшыларына қатысты қатаң шешімдер қабылданып жатыр, оны жақын арада біле аласыздар. Тіпті Қазақстанда жұмыс істей ме, жоқ па деген сұрақ көтеріліп жатыр.

Ә. Дүкембаева