Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Сабаққа барғысы келмеген астаналық оқушы мектепке «мина қойған»

AstanaTV
08.12.2022ж. 20:00
1244
Сабаққа барғысы келмеген астаналық оқушы мектепке «мина қойған»

Астаналық оқушы сабаққа барғысы келмей мектепке «мина қойған». Жарылғыш құрылғының барын полиция қызметкерлеріне оқушының өзі қоңырау шалып хабарлаған. Ол Төле би көшесінде орналасқан мектептің бірінде деген. Полиция департаментінің хабарлауынша, ғимаратты тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмапты.

Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, АСТАНА қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Мектеп ғимаратын тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмады. Іс-шара эвакуациясыз өткізіліп қауіп жойылды. Жедел іздестіру шарасы кезінде Астана полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жалған ақпарат таратқан адамды анықтады. Ол осы мектептің 13 жастағы оқушысы болып шықты. Жасөспірім осылайша сабақ болмасын деп әзілдеген. Ювеналды полицияның инспекторлары баланың ата анасының көзінше жасөспірім мен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізіп, заңды өкіліне қатысты әкімшілік сипатағы шаралар қаралатын болады.

Д. Онласын