Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Әйелдер 61 жаста зейнетке шығып, 35 жасқа дейінгілер «жастар» санатына кіреді

AstanaTV
08.12.2022ж. 20:00
1770
Әйелдер 61 жаста зейнетке шығып, 35 жасқа дейінгілер «жастар» санатына кіреді

Әйелдер 61 жаста зейнетке шығады. 35 жасқа дейінгілер «жастар» санатына кіреді. Бүгін Сенат осындай заң қабылдады. Жобада бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бір жарым жасқа толғанша төлеу мәселесі де қарастырылған. Әріптесім Бекболат Сатуов тарқатады.

Бүгін сенатта әлеуметтік мәселелерге байланысты бірқатар өзгерістер қабылданды. Жобада бала күтіміне байланысты жәрдемақыны 1,5 жасқа толғанша төлеу, базалық зейнетақы мөлшерін көтеру, әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деп бекіту сияқты нормалар бар.

Айгүл КАПБАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға ұсынылатын кепілдендірілген әлеуметтік пакетті монетиза́циялау сынды бірқатар маңызды қадамдар енгізіліп отыр. Бұл жаңашылдықтардың барлығы + мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға деген оң ықпал етеді.

Заң жобасында келер жылдан бастап жастарға ең төменгі көрсеткіште несие беру мәселесі де қаралған. Сондай-ақ, отбасы банкінен жеңілдетілген тұрғын үй алу және оның мөлшерін ұзарту мәселесі де бар. Осындай мүмкіндіктікті енді 35 жасқа дейінгілер пайдалана алады. Яғни, олар заң бойынша жастар санатаны кіреді.

Нұртөре ЖҮСІП, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Отызға толған, отыздан асқан жастар мына тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайтын. Баспана мәселесі өте өзекті жастар үшін. Сондықтанда енді 35 жастың аралығында көптеген тұрғын үй бағдарламасы, басқа да әлеуметтік бағдарламаларға, мемлекеттік үлкен бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, жаңа заң жобасында NEET санатындағы жастарға да баса назар аударылған. Енді оларды арнайы 4 бағытқа бөліп қарастырмақ. Яғни енді оқудан шығып қалған жастарда NEET санатына жатқызылады. Оларды әлеуметтік жағынан жіктеп, қажетті бағыт-бағдар берілмек.

Б. Сатуов