Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақмола облысында соңғы үш жылда 100-ден астам ауылдық клуб жөнделді

AstanaTV
08.12.2022ж. 20:00
1115
Ақмола облысында соңғы үш жылда 100-ден астам ауылдық клуб жөнделді

Ақмола облысында жыл санап мәдениет ошақтары жаңарып келеді. Соңғы үш жылда 100-ден астам ауылдық клуб жөнделді. Қазірдің өзінде 15-ке жуық мәдениет нысаны қалыпқа келтірілуде.

Бұл Зеренді ауданына қарасты Айдабол ауылының мәдениет үйі. Осы жылы ғана пайдалануға берілген. Жоба құны 140 млн теңге. Қазіргі таңда мұнда бірнеше үйірме жұмыс істейді.

АЛМАТ БАЛТАҒАРИН, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ауылдық кітапхана көшірілді. Бұрын ол кітапхана жекеменшік кәсіпорында жалға алатын да бір бөлмені. Одан кейін жаңағы ауылдық клуб іске қосылады. Одан қалды алдағы жоспарымызда бар, би хореография бөлмесі іске қосылады. Сондай-ақ, 200 орындық көрермен залы алдағы жылы көрермендер орындықтары алынып, ол да іске қосылатын болады

Айталық, бүгінде өңірдегі 60-қа жуық мәдениет ошағы жөндеуді қажет етеді. Ал, ондай нысандардың дені облыс орталығынан шалғай ауылдарда да орналасқан.

Дина БЕЙСЕМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Биыл Ақмола облысының 14 нысанына 1 млрд. 100 мың теңгеге соммасына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіді. 14 нысанның ішінде 3-і «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілді. Жалпы соңғы жылдары Ақмола облысындағы мәдениет нысандарын жөндеу жақсы динамикада жүріп жатыр. Көптеген мәдениет үйлеріне ағымдағы және күрделі жөнделеді деп жоспарланған.

Қазіргі таңда аймақта 600-ден астам мәденит нысаны бар. Ал, 2025 жылға дейін тағы да 10 нысан жаңадан салу жоспарланып отыр.