Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елімізде «Дала қырандары» атауымен жастар ұйымы ашылды

AstanaTV
08.12.2022ж. 20:00
2173
Елімізде «Дала қырандары» атауымен жастар ұйымы ашылды

"Дала қырандары" атауымен жаңа жастар ұйымы ашылмақ. Қоғамдық бірлестігінің негізгі міндеті – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жастарға патриоттық тәрбие беру. Жас ұйым Qazaq kuresi Ассоциациясының базасында құрылды. Алғашқы орталығы елордада қаңтар айында ашылады. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жиынға жоба ұйымдастырушылары мен қазақ күресінің өкілдері қатысты. Олар ұйымның жоспарын талқылап, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, патриотизм секілді маңызды тақырыптарда ой бөлісті.

Ербол МЫРЗАБОСЫНОВ, «ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Алдағы уақытта жер-жерлерде «Дала қырандары» орталықтарын ашуды жоспарлап отырмыз.+Оның ішінде дәріс алатын залдар, коворкинг, кітапхана, әртүрлі спорттық бағытпен айналысатын спорттық залдар, фитнес жұмыс жасайтын болады. Біздің жастарымыз бұл жерде бастарын қосып, әртүрлі саланың жетістікке жеткен адамдарымен кездесуге мүмкіндік алады.

А. Серік