Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Санкциялар ЕАЭО елдерінің экономикасына қысым жасайтынын мойындау керек - Тоқаев

AstanaTV
09.12.2022ж. 20:00
1830
Санкциялар ЕАЭО елдерінің экономикасына қысым жасайтынын мойындау керек - Тоқаев

Мемлекет басшысы бүгін Қырғызстанға барды. Онда жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Президент одаққа қандай ұсыныстар айтты? Сарапшылар не дейді? Толығырақ алдағы сюжетте

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, қонақжайлық көрсеткені, отырысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін қырғыз тарапына және Садыр Жапаровтың жеке өзіне алғыс айтты. Президент басқосуда одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда-саттық айналымы бойынша тоқталды. Себебі, жаһандық шектеулер кез-келген мемлекеттің экономикасына әсер етпей қоймады. Соған қарамастан, одаққа мүше мемлекеттер арасындағы сауда айналымы биыл қаңтар-қазан айларында 7 пайызға өсіп, 23 миллиард долларға жеткен. Дегенмен бұл босаңсуға болады дегенді білдірмейді деді,-Президент. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін бірқатар басымдықты атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Халықаралық ұйымдардың болжамдары көңіл көншітпейді. Белгілі санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет. Сондықтан, біздің пікірімізше, елдеріміздің комиссиялары мен үкіметтері бұл мәселеге ерекше назар аударып, аталған санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсынуы керек.

Президент халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін екінші басымдық ретінде атап өтті. Сонымен қатар ЕАЭО аумағы арқылы тауарлардың еркін тасымалдануын қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, интеграциялық серіктестіктің тиімділігі «төрт еркіндік» қағидатын сақтауға тікелей байланысты. Оның бірі – тауар қозғалысының еркіндігі.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біздің ортақ кедендік аумағымыз арқылы өтетін қазақстандық және қазақстандық қана емес, басқа да жүктердің қозғалысын шектейтін, квота енгізетін, кідіртетін барлық жағдайды жою керек деп есептеймін. Мұндай шектеулер ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың сипатына да, мақсатына да сай келмейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев одақтағы мемлекеттер арасында кедергісіз сауда-саттық айналымын жақсырту бағытын қолға алуды жеделдету қажет деді. Бұл тұста саясаттанушылар Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақтың маңызы зор деп отыр.

Ғазиз ӘБІШЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Қазақстанға бұл экономикалық жағынан әлбетте маңызды жоба.+Бізге экспортты тек қана Ресей арқылы жасауға тура келеді.Сол себепті бізге ресей логистикалық жағынан керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстан төрағалығының табысты аяқталуымен құттықтады. Мемлекет басшысы келесі жылы бұл мәртебелі миссия Ресей тарапына өтетінін жеткізді. Оның пікірінше, Ресей төрағалығы табысты болатыны күмәнсіз. Оның пікірінше, Ресей төрағалығы табысты болатыны күмәнсіз. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының күш-жігері еуразиялық экономикалық одақтың дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Б. Сатуов