Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«AMANAT» партиясы Екібастұздағы 1300-ден астам балаға демалыс ұйымдастырады

AstanaTV
09.12.2022ж. 20:00
1853
«AMANAT» партиясы Екібастұздағы 1300-ден астам балаға демалыс ұйымдастырады

«AMANAT» партиясы Екібастұздағы 1300-ден астам балаға демалыс ұйымдастырады. Бұл туралы партия төрағасы Ерлан Қошанов Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясында айтты.Ол Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде волонтерлер мен партия белсенділері алғашқы күннен бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмекті таратуға атсалысқанын атап өтті. Тұрғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер және бірінші кезекте қажетті заттар жеткізілді.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз зардап шеккен отбасылардың балаларына қолдау көрсетуді қазір қолынызға алып жатырмыз. Ол үшін мектеп жасындағы мыннын аса сол Екібастұздағы балаларды республикамызды әр түрлі демалыс үйлеріне, санаторийларға жіберіп осы қысқа каникулда демалуы ұймдастырып жатырмыз. Сонын ішінде осы Түркістандағы демалыс орындарына жіберуге болады деп ойлаймын. «AMANAT» партиясы осы жұмысты қолына алды.

Айта кету керек Конференция жұмысына қатысқан делегаттар ашық дауыс беру арқылы Алтынсары Үмбетәлиевті «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының жаңа басшысы ретінде сайлады.

А. Серік