Павлодарда үй өртеніп, бір жасар сәби тірідей жанып кетті. Оқыс оқиға Усолка шағын ауданында болды. Ата-ананың қарауынсыз қалған балалар орындықтардан үй жасап ойнаған. Іші қараңғы болғандықтан, оған шам жағыпты.
Тілекжан ГАЛЯМОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТЖ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі, балалардың отты абайсыз қолдануынан шығып отыр. Одан басқа үйдің ішінде 2008 және 2017 жылғы бала болған. Ұйықтап кеткен. Оянған кезде өртті анықтап, бауырын таба алмаған.
Ал 14 және 5 жастағы екі бүлдіршін аман қалды. Оларға медициналық көмектің қажеті болмаған. Қазір екі бала анасымен бірге. Ал анасының не себепті балаларды қараусыз қалдырғаны белгісіз. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ө. Қуанар