Алматыда Мамыр ықшам ауданындағы №202 мектеп-гимназиясының қабырғасы қақырап тұр. Ғимараттың пайдалануға берілгеніне небәрі 2 жыл болған. Жаңа білім ошағы неге апатты күйге түсті? Толығырық тілшіміз тарқатады.
Гиманазия директоры Болат Жанайханұлы бұл мәселені осымен үшінші рет көтеріп отыр. Барлық құзырлы орын өкілдерін шағырып, рейд ұйымдастырды.
Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "АMANAT" ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:
Бірнеше рет айтылған мәселе бұл, әлі шешімін таппапты. Жер учаскесінде гидрант дейді, “пожарный гидрант” әлі істемейді, екі жыл болыпты, ішінде суы да жоқ. Содан кейін мынау мердігер компания біраз жұмыстарды абыр-сабыр жасаған, соны қазір көріп шығамыз
Екі жыл бұрын салынған ғимараттың қабырғасында сызат көп. Директордың айтуынша, іргетас шөгіп барады.
Болат ЖАНАЙХАНҰЛЫ, №202 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ
Бұндай үлкен құрылыста 2 жылдық кеплдік берілуі керек, гарантия. Бұл жақта тек бір-ақ жыл берілген. Мектептің пожарный, өрт қауіпсіздігі сигналы проект бойынша жасалмаған дейді және де мектепте орналасқан өрт гидрантында су жоқ. Құдай сақтасын, өрт болған жағдайда қауқарсызбыз.
Жаңа мектептің мұнан да басқа кемшілігі көп. Бүрсең қаққан балалар суық кабинет-терде оқуға мәжбүр. Ал мердігер компания басшысы, бұл мәселелер шешіледі деп уәде берді.
Қайрат САНДЫҚБАЕВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
Мен адамдар жіберіп, жөндетуге уәде бердім. Суық жібермеу үшін ескріген, бұзылған жерлердің бәрін қалыпқа келтіреміз. Батареяның жылуына келетін болсақ, біз жобадан тыс ешнәрсе жасай алмаймыз, барлығы жобаның аясында салынды. Бұған ақша құйылды ғой.
Терезелердегі саңлауды келер апта жөндеп береді. Ал қалған мәселелер бойынша жөндеу жұмыстары ғимаратқа жүргізілген сараптама нәтижесі шыққан соң басталады.
Ә. Пернебек