Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодарда қалың қар жауып, қозғалыс қиындады

AstanaTV
13.12.2022ж. 20:00
1894
Павлодарда қалың қар жауып, қозғалыс қиындады

Павлодарда қалың қар жауып, қозғалыс қиындады. Көшелерде кептеліс пайда болып, жол апаты көбейген. Тұрғындар омбы қардан жүре алмай, қиналып жатқандарын айтады. Ал коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, қардың екі айлық мөлшері түскен. Сондықтан тазалап үлгермей жатыр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Немен мынау, жүруге болмайды. Жүре алмайсың. Неге тазаламаған. Батып жүрміз, батып.

-Анау есік алдында вообще қар басып жатыр барлығы. Әзер жүрміз.

Биыл қар тазалау жұмыстарына 2,8 млрд теңге бөлінген. Бірінші кезекте орталық көшелер мен қоғамдық көліктің жолдары қардан тазартылуда. Оған 200-ден астам адам жұмылдырылған.

Жансерік ҚАПЗОЛЛА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ МАМАНЫ:

Кешелі бері жауған қарды тазалауға байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы қар тазалау режиміне көшті. Бүгін таңғы уақыттан бастап қала көшелерінде қарды тазалау және шығару жұмыстарында 160-тан астам арнайы техника жұмыс жасауда. Қар тазалау жұмыстары әлі де тәулік бойы жалғасатын болады.

Ө. Қуанар