Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Тәуелсіздік күнімен құттықтаған жазулар ілінуі тиіс еді, - депутат

AstanaTV
13.12.2022ж. 20:00
1346
Тәуелсіздік күнімен құттықтаған жазулар ілінуі тиіс еді, - депутат

Тәуелсіздік мерекесі жаңа жылдың тасасында қалды. Осындай пікір жылда айтылады. Өйткені желтоқсан басталысымен орталық көшелерге жаңа жылдық безендірулер іліне бастайды. Тіпті шырша орнатып, мерекенің лебін сездіріп қояды. Оған әріптесім Мерей Қалиасқар көз жеткізіп келді.

Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:

Желтоқсан айы басталысымен жылдағыдай жаңа жылдыққа дайындық басталып кетті. Астаналықтар Аяз ата шеруін ұйымдастырып мәз-мейрам болып, сауда үйлерінің алдына шырша орнатып үлгерген.

Көздің жауын алатын қызылды-жасылды жарық кәдімгідей елітіп, көңілге мереке сыйлайтыны сөзсіз. Алайда жаңа жылдың алдында тұтас ел үшін аса маңызды әрі қастерлі мереке бар. Ол - Тәуелсіздік күні. Оның қадір-қасиетін түсініп жүрміз бе?

Айгүл Қапбарова, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Тәуелсіздік күніне Ұлттық тәрбиеге байланысты батырларымызды көрсететін және мемлекеттік символдарды көбірек насихаттайтын осындай бір шаралар болу керек деп есептеймін. Тәуелсіздік күнін қалай тойлап өтуіміз керек деген бағыты мен бағдарын арнайы комиссия құрып па, соны тағы да бір зерделеу керек секілді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Енді мұні қойып қойған дұрыс емес деп ойлаймын. 16 желтоқсаннан кейін де қоюға болушы еді. Уақыт бар.

-Дегенмен құрылады ғой 16-сы кеп қалды емес пе бір-екі күн..Ерте құрып қойды деп отырмын. Суретке түсіп отырмыз енді...

-Білмеймін менің ойым ертерек құрып қойған дұрыс шығар.

Ойын-сауықты қыздырып жатқандар- жеке кәсіпкерлер. Олардан да жауап алуға тырыстық.

Жаңа жылдық безендіруге арналған бұйымдар, шыршаның саудасы қызып тұр. Бағасы аспандап тұрса да алушылар азаяр емес.

Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:

Мұнда барлығы 300 шырша бар. Олар Ресейден әкелінген. 10 күннің ішінде 15 шақты шырша сатылған екен.

Богдан СИДОРЧУК, САТУШЫ:

Бағалар 5 мыңнан 12 мыңға дейін. Әзірге сауда қызды деп айта алмаймын. Бірақ дайындыққа кірісіп кеткендер көп.

Гүлжан АЛИАКБАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жаңа жыл бір рет келеді ғой. Сол себептен әсерлі боп қалсын деп. Шыршасыз жаңа жыл қарсы алмағанмын еш.

Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:

Байқағанымыздай шыршалар тек сауда үйлерінің аумағында ғана емес, орталық саябақтың алдында да құрастырылып жатыр. Ал елордалық әкімдік бізге берген жауабында «жаңа жылға дайындық 16 желтоқсаннан кейін басталады» деген еді.

Осындай ерте іске кірісетіндірдің салдарынан тәубе етер Тәуелсіздік күні тағы да тасада қалуда.

М. Қалиасқар