Түркістан облысының тұрғыны қарызынан құтылу үшін әкесін өлтіруге тапсырыс берген. 19 жастағы жігіттің мойнында 1 миллион теңге несиесі бар. Берешегінің барын айтуға жігіт әкесінің қаталдығынан қорқыпты. Ай сайынғы төлемге шамасы келмегендіктен әкесінің малын сатып құтылмақ болып, арам жоспар құрған. Қылмысқа үш қатарласын тартқан. Біреуі тіпті кәмелетке жасқа толмаған.
Әсет СЕРІКБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында алдын ала сөз байласқан таныстары Бақытжанұлы, Үдербай және Тастыбай Есеннің тікелей тапсырмасы бойынша әкесін қасақана өлтіру үшін жәбірленушінің үйіне келген. Содан «қорада бір қой өлейін деп жатыр» деген сылтаумен жәбірленушіні қора жақа алып барып есігін ашқан. Кемеловтің денесіне ретсіз пышақ ұрған.
Күдіктілер кінәларын ішінара мойындаған. Қылмысқа тапсырыс беруші және көмектеспек болған екеуіне сот 11 жыл 3 айдан жаза тағайындады. Тағы біреуіне 5 жыл 7 ай мерзім берілді Соңғысының үкімі әлі күшіне енген жоқ.
А. Төребекқызы