$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізде балалар енді 2 жастан бастап балабақшаға қабылданады

AstanaTV
14.12.2022ж. 20:00
4695
Елімізде балалар енді 2 жастан бастап балабақшаға қабылданады

Елімізде енді мемлекеттік балабақшалар бүлдіршіндерді 2 жастан бастап қабылдайды. Бұл туралы бүгін оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Министр балабақшалар жұмысына қатысты тағы біршама өзгерістерді атады. Тақырыпты өңірлердегі тілшілеріміз толықтырады.

Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Мемлекет басшысы мектеп жасындағы балалардың әл-ауқатын арттырып, білім беру сапасын жоғарылатуды тапсырған. Президент пәрменімен енді 2 жастан бастап балалар бақшамен қамтылады. Бұған дейін мемлекеттік дотация тек 3-6 жастағы бүлдіршіндерді қамту үшін берілетін.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Ол үшін балабақшаларда жаңа орындар ашу жоспарда бар. Келесі жылдың өзінде биылмен салыстырғанда орын 2,5 есеге көп ашылатын болады. Толығымен бюджетпен қамтылып отыр. Жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі өзгертіледі.Балабақша қызметінің сапасын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданады.

Бұл жаңалықты бала күтіміне байланысты үйде отырған аналар қуана қабылдады. Тек балабақшалардағы қызмет сапасы артса деген бұйымтайлары бар. Тәрбиешілер балаға өз баласындай қарап жатса, алаңсыз жұмыс істейтін едік дейді.

Тоғжан ТАСБОЛАТҚЫЗЫ, АТА-АНА:

Қазір менің қызым 7 айлық. Жаңалықтан 2 жастан балалақшаға беруге болатынын есітіп, қуанып отырмын. Тек, балабақшада тамақтын сапасын арттырып, жақсы жақсы тәрбиешілер жұмыс істесе біз балаларымызға алаңдамай жұмыс істейтін едік.

Рабиға БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Балалақшаға кезекке тұру тетігі де жеңілдейді. Ортақ біріңғай тізім жасалып, оны кез-келген адам ашық бақылай алады. Бұл қызметті егов және банк қосымшалары арқылы алуға болады. Ал әлеуметтік осал топ санатындағы отбасының балалары балабақшада тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Министрдің айтуынша баласының тамағына төлейтін ақшасы болмағандықтан, талай ата-ана баласын бақшаға жібере алмай отыр. Әрі қарай сөзді Қостанайдағы әріптесім Заңғар Санайға берем.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Қостанай қаласында 70 балабақша бар. Оның 24-і мемлекеттік, қырық алтысы жекеменшік. Солардың барлығы дерлік 2 жастан бастап бала қабылдайды. Жалпы Тобыл өңірінде 12 жылдан бері осылай.

Гүлнәр ЫСҚАҚОВА, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ:

Қостанай қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 1 жастан 6 жасқа дейін 11 мыңға жуық бала тәрбиеленіп жатыр. 2010 жылдан бастап Қостанай қаласының балабақшаларында 2 жастан бастап балалар қабылданып келеді.

Биыл шаһардағы балабақшаларда тағы 116 орын ашылған.Соның жүзі 2 жастан 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Енді екі жастан. Дұрыс екі жастан бастап барғаны.

- Көп әйелдер жұмысқа шыққысы келеді. Баланы алмайды балабақшаға. Екі дейін әлгі горшокқа отырғызып, тамақ ішуін үйретсе проблема жоқ ғой.

- Егер екі жастан қабылдаса өте ыңғайлы ғой. Бізде баламызды берер ек. Бірақ әлі кезекке тұрған жоқпыз.

Қостанай қаласы бойынша 11 мыңға жуық сәби балабақшада тәрбиеленеді. Соның он пайызы жеңілдетілген бағамен немесе тегін тамақтанады.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Қалалық бөлімі келтірген ақпарға жүгінсек мемлекеттік балабақшада 767 бала, жекеменшік ұйымдарда 357 бала тегін тамақпен қамтылған. Ал Қызылордада жағдай қалай? Әріптесім Мөлдір Тоқтасынқызы жалғастырады.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қызылорда облысында 680 балабақша бар. Онда 56 мыңнан аса бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Оның 65 проценті жекеменшік ұйымдарға барады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- 2 жастан бастап балаларды балабақшаға беру қиындау болады. Өйткені балалар ол кезде енді енді дамып келе жатады. Өздігінен тамақ іше алмайды.

- Кез келген бүлдіршін бақшаға барған кезде онда қалыптасу процесі жүреді. Ауырады 2-3 ай. Сол жағынан тиімсіз болуы мүмкін.

- 2 жастан қабылдаса болады. Өйткені ата-аналар қазір бәрі жұмыста, шаруасымен, сол үшін ертерек апарған жақсы көреді.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Аталмыш өзгерістерге сәйкес елімізде келесі жылдан бастап бөбекжайларда жаңа орындар ашылмақ. Биылғы жылмен салыстарғанда 2,5-3 есеге артық бала қабылданады деп күтілуде.

Р. Бақытжанқызы