Қазақстандағы жер учаскелерін отандық жерсеріктердің деректері негізінде басқару қажет. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы IT-комитетінің отырысында Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева мәлімдеді. Партия мүшелері мен кәсіпкерлер агроөнеркәсіп кешеніндегі түйткілді мәселелердің шешу жолдарын талқылады.
Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қызықты әзірлемелер ұсынылды. Олар қолданыстағы дәстүрлі жүйелерден әлдеқайда алда деп айта аламын. Бұған қатысты мемлекеттік органның да қызығушылығы пайда болды. Өйткені бүгінде жұмыс істеп тұрған шешімдер бар.
А. Серік