$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елімізде 280 мектеп электрондық оқулықтар платформасын қолдануда

AstanaTV
14.12.2022ж. 20:00
2335
Елімізде 280 мектеп электрондық оқулықтар платформасын қолдануда

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында елімізде электрондық оқулықтар кеңінен тәжірибеге енгізілуде. Мұғалімдер мен сарапшылардың айтуынша, аудиовизуалды ақпарат жас ұрпақтың санасына тезірек сіңіп, оң әсерін береді. Цфирлық технология білім сапасын көтереді дейді.

Мемлекет басшысының «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдету» жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында елімізде арнайы платформа іске қосылған. Оның тиімділігі дәлелденіп отыр дейді мамандар.

Әсима РЫСҚҰЛБЕКОВА, БАСПАНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КОНТЕНТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Оқулықтардың мазмұны қазіргі заманауи білім беру технологияларына негізделген, балаларға қызықты бейне материалдармен, анимациямен, ойындармен толықтырылған. Яғни бала ақпаратты қызығып қабылдауға арналған.

Электронды оқулықтар платформасы екі жылдан бері қолданыста. Оған республика бойынша 280 мектеп тіркелген.

Аружан ДӘУЛЕТ, №1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ:

TOPIQ платформасының негізгі мақсаты-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру және де танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады және де осы платформаны қолдану үстінде, педагогикалық практика барысында да, сабақ үстінде де жиі қолданамыз, бұл платформа өте ыңғайлы және де өте тиімді.

TOPIQ платформасында бір мен он бірінші сыныптар аралығын қамтиды. Сондай-ақ, мектепалды даярлық тобына арналған жұмыс дәптерлері мен әдебиеттер және мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар бар.

Қарлығаш МҰСАХАНОВА, №1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫСЫ:

Колледжіміздің негізгі мақсаты - болашақта бәсекеге қабілетті маман даярлау. Міне, Top Iq электронды оқулығы осы мақсатты толық қамтиды. Электронды оқулығында интерактивті тапсырмалар, мультимедиалық материалдар толық қамтылған. 300 пактеке лицензия сатып алынып, оны біздің оқытушыларымыз және студенттеріміз практика базаларында қолданысқа енгізіп отыр.

Оқулықтарды әзірлеу барысында барлық қауіпсіздік талаптары ескерілген. Сарапшылардың айтуынша, электронды оқулық – білім беру үрдісін оңтайландырып, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізетін замануи өнім.

Ә. Пернебек