Астана іргесіндегі Қараөткел ауылында екіқабатты үй өртеніп, 8 отбасы далада қалды. Бұған дейін бұл баспана апатты деп танылған. Бұған дейін де мұнда өрт болған көрінеді. Енді сарышұнақ аязда үйсіз қалғандардың жайы не болмақ? Тілшіміз Әсел Дүкембаева елдімекенге барып келді.
Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:
Алапат өрт кешкі 9 да ас үйден басталған көрінеді. Түтін мына пештің өзінен басталған. Бір таңқаларлығы бұл полдың үстінде орналасқан. Ал мына жақтың барлығы ағаш. Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай. Ал мұнда балалар бөлмесі бар. Абырой болғанда балалар шығып үлгерген. Бірақ ас бөлме түгелімен жанып кеткен.
Есімхан Жұманов алдымен түтіннің иісін сезгенін айтады. Ал бірнеше минуттан соң үйдің іші қызыл жалынға айналған.
Есімхан ЖҰМАНОВ, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бұл жерде тұрып жатқаныма 10 жылдай болып қалған шығар. 7-8 жылдай бала-шағаммен тұрып жатырмын. 4 балам бар. Далада қалдық, міне. Білмеймін не істерімізді.
Жұмановтардан басқа тағы 7 отбасы баспанасыз қалды. Тұрғындардың айтуынша, бұл үй әлдақашан апатты деп танылған.
Гүлмира ӘБУЖАРОВА, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
Баяғы 60 жылғы ескі үй тұрып жатқан үй. Тұрып жатқанымызға 20, 30, 40 жыл болды. Халықтың тұрып жатқаны. Отопление кезінде болған совет үкіметі кезінде. Қазір отопление жоқ. Бәрінікі жағып жатқан қарапайым пеш. Полдың үстінде. Үйдің состояниесі біткен.
Сүйіндік ӘБІЛДИНОВ, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
48 квартира тұрады мында екі этажды үйде. Біз ауылдың акиматынан талай барып сұрағанбыз. Ауданға да дейін барғанмын. Сол кезде үйлер баланста жоқ деп көмек бере алмаймыз деді. Сонда баланста жоқ деп ешқандай көмек болмай ма сонда?! Квартираның бәрі аварийный, бәрінде пеш жерде тұрады. Любой момент жанады ол.
Ауылдық округ әкімі орынбасарының айтуынша, үйсіз қалғандарға көмек көрсетіледі.
Қуаныш МАРАТҰЛЫ, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
7 квартира толығымен тұруға жарамсыз енді. 8-ші де енді суы жоқ, светі жоқ тұруға жарамсыз. Өкінішке орай, по закону положено дейді ғой, пожарный акт толтырады, содан кетті деп. Единовременный көмек ала алады. Заң бойынша сол ғана положено. Қателеспесем 70 МРП.
Әзірге тұрғындар туыстары мен көршілерінің үйін паналауда. Ары қарай қайда баратыны белгісіз.
Ә. Дүкембаева