Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан Парламенті регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

AstanaTV
19.12.2022ж. 20:00
1810
Қазақстан Парламенті регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі

Енді заңдарды Мәжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды. Бұл туралы бүгін қос палатаның бірлескен отырысында айтылды. Жиында Сенат пен Мәжіліс арасындағы қарым-қатынасты реттейтін ішкі құжат қабылданды. Құжат аясында барлық ішкі рәсімдер конституциялық реформаға сәйкестендіріледі. Бірақ, Мәжіліс қабылдаған заңды Сенаттың мақұлдамауына немесе нақты нормаларды бекітпеуге мүмкіндігі болады. Сондай-ақ, төменгі палата қабылдаған кез келген нормаға өз нұсқасын енгізе алады.

Арман ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Парламент регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды қарау бойынша бірлескен комиссия тиісті жұмыс жүргізді. Бірлескен комиссияға Парламент палаталары депутаттары мен комитеттерінің 50-ден астам ұсынысы келіп түсті. Парламент регламентіне ұсынылатын түзетулер елімізде жүргізілген конституциялық реформаның ережелерін іске асыру тәртібін белгілейді.

Елімізде тағы «Республика» атауымен жаңадан партия тіркелді. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин айтты. Бұған дейін «Байтақ» партиясы тіркеуден өткен. Жаңа партиялардың барлық құжаттары заңдылыққа сай болыпты.

Қанат МУСИН, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ:

Бүгінде «Байтақ» және «Республика» партиялары тіркелді. Бұлар - толықтай тіркелген партиялар. Олар барлық құқыққа ие. Басқа партиялармен жұмыс жалғасып жатыр. Олар әлі бірінші кезеңнен өткен жоқ. Себептері кейбір құжаттары тиісті заң талаптарына сәйкес келмейді.

Б. Сатуов