Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Партиялық бақылау комитеті жылдық жұмысын қорытындылады

AstanaTV
19.12.2022ж. 20:00
869
Партиялық бақылау комитеті жылдық жұмысын қорытындылады

«AMANAT»-тың Партиялық бақылау комитеті жылдық жұмысын қорытындылады. Бүгінде сайлауалды бағдарламаны іске асыру шеңберінде ел аумағында 90 мектеп пайдалануға берілді. 259 балабақша ашылып, 180 колледжде жаңғырту жұмысы жүргізілді. Бұған қоса, 11,7 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 500 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Халықтың белсенді атсалысуының арқасында өңірлік 216 сайлауалды бағдарлама талқыланып, қабылданды. Онда азаматтардың 17 мыңнан астам ұсынысы ескерілді.

Артур ПЛАТОНОВ, ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Азық-түлік тауарлары, дәрілік заттар және жанар-жағармай бағасының өзгеруіне бақылау жүргізу бойынша 216 мониторинг тобының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Бірақ, мұның бәрі халықтың игілігі мен әл-ауқатын көтеру үшін жасалуы керек. Біз әзірге бағалар мен шығындардың тоқтаусыз өсуін ғана көріп отырмыз. Ал тұрғындарға нақты нәтиже ғана керек.

А. Серік