$487.37 €532.94 ₽5.09
×

«Әкімдер жалаң есеп пен жалған ақпарат берген», - Үкімет басшысы

AstanaTV
20.12.2022ж. 20:00
1128
«Әкімдер жалаң есеп пен жалған ақпарат берген», - Үкімет басшысы

«Жылу беру маусымына сақадай саймыз. Ешқандай проблема жоқ». Үкімет басшысы Әлихан Смайылов осылай екі ай бұрын жалған ақпарат берген әкімдерге шүйлікті. Себебі жалаң есеп пен жалған ақпараттың соңы тарихта болмаған апатқа алып келді деді. Премьер-министрдің айтуынша, қазір тексеру жұмыстары басталған. Олар өңірлердегі шынайы жағдаймен танысып жатыр.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Тексерулер басталды. Өңірлердегі нақты жағдай бұған дейін берілген ақпараттан да нашар болып шықты. Проблемалар жасырылып келді. Бөлінген қаржы жеткіліксіз болғандықтан жаңғырту мен сапалы жөндеу жүргізілмеген. Станциялар мен желі иелері жеткілікті инвестиция салмаған. Қараусыз жатқан желілердің мәселесі де шешімін тапқан жоқ.

Энергетика министрінің сөзінше, елімізде 37 жылу электр орталығы бар. Оның 19-ы қызыл аймақта. Дені 50 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұр. Тозығы жеткен жылыу электр орталықтарын қайта жабдықтау үшін жалпы 182 млрд теңге қаражат қажет деді министр.

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Жеткіліксіз қаржы сомасы - 88 млрд теңге. Коммуналдық және квазимемлекеттік меншіктегі 12 жылу электр орталығы бойынша жоғарыда аталған жұмысты іске асыруға мемлекеттік бюджеттен, ал 22 жеке жылу электр орталығы бойынша меншік иесінің өз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылады.

Б. Сатуов