$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Біз демографияға ілесе алмаймыз», - Саясат Нұрбек

AstanaTV
20.12.2022ж. 20:00
1598
«Біз демографияға ілесе алмаймыз», - Саясат Нұрбек

Елімізде 2030 жылы студенттер саны 1 миллионға жетуі мүмкін. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте айтылды. Онда ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндама жасап, студенттерге қатысты өзекті проблемаларды көтерді. Министрдің сөзінше, елімізде демографиялық өсім жоғарлаған. Сондықтанда жоғары оқу орындарының инфрақұрылымдарын қайта қарап, жатахана мәселесін шешу қажет деді. Сондай-ақ, гранттар мәселесінде де жаңа модульді іске қосу қажет екенін айтты. Себебі артық шығын бюджетке салмақ салып қана қоймай, студенттердің мүмкіндіктерін азайтуы мүмкін. Сол себепті де министр «Сараланған грант» модулін іске асыру қажет деді.

Саясат НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Сараланған грант дегеніміз. Мысалы, ҰБТ баллына қатысты, ол үлкен балл алса, 100 пайыз онда грантта қалады. 100 пайыз толық жабылады. Бірақ балы төмен болса да 75 пайыз мемлекет оны қолдауға дайын. Осындай сараланған грант модельіне көшсек, біз онда көбірек балаларға жоғары білімді алуға мүмкіндік береміз.

Б. Сатуов