Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елордада волонтер топтар марапатталды

AstanaTV
20.12.2022ж. 20:00
1936
Елордада волонтер топтар марапатталды

Елордада волонтер топтар марапатталды. Бейбітшілік және келісім сарайында қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен «Volunteer FEST» ауқымды фестивалі өтті.

Өңірде жалақы да мардымсыз. 100 мың теңге айлық алатындар қалай өмір сүріп жатыр? Аймақтардағы тілшілеріміз халықпен пікірлесті.

Бүгінде волонтерлік халықтың шынайы болмысы мен ізгіліктің белгісіне айналды. Көбіне жастардың айналысатын ісі десек, қазір игілікті істі жасауға орта буын өкілдері де ден қойған. Қалалық деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан шараның орны ерек.

Арайлым САПАРӘЛІ, «АСТАНА ЖАСТАРЫ» ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«Volunteer FEST» жобасы жыл бойында Астана қаласындағы белсенді жұмыс жасап келе жатқан оның ішінде елордада 8 жылдан астам уақыт жұмыс істеп жатқан ұйымдармен ерікті топтарды марапаттау рәсімі. Мақсат елордадағы волонтерлік қозғалысты дамыту, мотивация беру еріктілік ұйымдарға. Олардың жұмысын өз деңгейінде бағалау және еріктілер қатарын көбейту.

Өткен жылдармен салыстырғанда тұрақты түрде еріктілікпен айналысып жатқандар қатары едәуір көбейген. Фестиваль аясында 50 шақты ұжым 8 бағыт бойынша қатысты. Атап айтсақ, эко және әлеуметтік, төтенше жағдай мен медицина саласына қатысты волонтерлік бар.

Аян СӘЛІМГЕРЕЕВ, ВОЛОНТЕРЛАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мыңдаған адамға көмектестік. Ол карантин кезінде де продуктовый корзиналармен, дәрі-дәрмекпен. Біз біргеміз қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аукцион өткен болатын. Сол аукционнан түскен қаражат реабилитационный центр салынуға, қайырымдылық көрсетуге жұмсалып жатыр.

Елімізге белгілі эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, еріктілерге көңіл-күй сыйлады.

М. Қалиасқар