Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Мектептер карантинге жабылды

AstanaTV
21.12.2022ж. 20:00
1776
Мектептер карантинге жабылды

Елімізде шошқа тұмауы мен коронавирустың жаңа штамдары анықталды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, ковидтің «омикрон» штамынан бөлек «цербер» штамы да тіркелген. Сондай-ақ, тұмаудың түрлері өршіп тұр.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Тұмаудың бір-біріне ұқсамайтын үш түрі бар, соның ішінде шошқа тұмауы да бізде тіркелген. Оған қоса аденовирус тіркеліп жатыр, қазір вирустың барлық түрі анықталып, инфекция мен суперинфекцияның араласқанын көріп отырмыз. Вирустар бірінің үстіне бірі қабаттасып, сырқат өте ауыр жүреді.

Қырғызстанда шошқа тұмауына байланысты мектептер карантинге жабылған. Ресейде де бірқатар өңірде мектептер мен ауруханаларда карантин енгізілді. Қоғамдық мекемелерде маска тағу міндеттелді. H1N1 вирусы өте қауіпті, тіпті аурудан қайтыс болған балалар бар. Әсіресе оны 5 жасқа дейінгілер жиі жұқтырады дейді мамандар.

М. Қалиасқар