Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда ірі көлемде есірткі сатушы ұсталды

AstanaTV
22.12.2022ж. 20:00
1353
Алматыда ірі көлемде есірткі сатушы ұсталды

Алматыда ірі көлемде есірткі сатушы ұсталды. Қылмыскерден ұнтақты заты бар 80 полиэтилен байлам тәркіленді. Күдіктіні патрульдік полицейлер Ақсай ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің ауласында байқаған. Ол полиция қызметкерлерін көре сала, жасырынбақ болды. Ақыры ұсталған соң, бумалардың ішінде «жылдамдық» атты синтетикалық есірткі барын мойындады. Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел бөлімшелер қалаға есірткінің жеткізілу арнасын және таралу географиясын белгілейді. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалды.

М. Жақан