Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Көлік кептелісін реттеген астаналық жігіт алғыстың орнына айып арқалады

AstanaTV
23.12.2022ж. 20:00
1420
Көлік кептелісін реттеген астаналық жігіт алғыстың орнына айып арқалады

Астанадағы үлкен көшелердің бірінде көлік қозғалысын реттеген жігіт полицейлердің назарына түсті. Тәртіп сақшылары келемін дегенше, оған барлық жүргізушілер бағынған. Ал инспекторлар бұл құқық бұзушылық, сондықтан әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады дейді.

Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, АСТАНА қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған факт бойынша 24 жастағы ер адаммен мұндай деректердің алдын алу туралы профилактикалық жұмыс жүргізілді. Астана Полиция департаменті мұндай әрекеттер әсіресе кешкі уақытта және шағылысатын элементтерсіз өмірге қауіпті екенін, сонымен қатар көліктердің қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін екенін ескертеді. Бұл жағдайда бағдаршамның дұрыс жұмыс істемеуі туралы сигнал түсе салысымен полицейлер көше қиылысындағы жағдайды бақылауға алды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Шымкенттік жас жігіттің жол қозғалысын реттеп, өзі қоғамдық көлікке мініп кеткені туралы видео тараған болатын. Тәртіп сақшылары азаматтарды мұндай әрекетке бармауға шақырады. Бірінші кезекте олардың денсаулығы мен өмірі маңызды екенін айтады.

Д. Оңласын