Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Елімізде оң рөлді автокөліктерді біржолғы заңдастыруға рұқсат беріледі

AstanaTV
26.12.2022ж. 20:00
1315
Елімізде оң рөлді автокөліктерді біржолғы заңдастыруға рұқсат беріледі

Қазақстанда шет елде тіркелген оң рөлді автокөліктерді біржолғы заңдастыруға рұқсат беріледі. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін, 2007 жылы елімізде рөлі оң жақтағы көліктерді тіркеуге заң бойынша тыйым салынған еді.

Қайсар СҰЛТАНБАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Көлікті біржолғы заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Заң жобасына біз таяуда ғана ұсыныс енгіздік. Оң рөлді көліктер осы біржолғы заңдастыруға енгізіледі. Бүгінде Қазақстанда мұндай 20 мыңға жуық көлік бар.

Ә. Дүкембаева