Биыл Қазақстанға 5 млн-нан астам шетелдік келген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі ресми ақпарат таратты. Оның көбі - ресейліктер. Одан кейінгі төрттікке Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркия енді. Атап айтсақ, Ресей Федерациясынан 3 млн-ға жуық адам ел аумағына кірсе, Өзбекстаннан 2 млн 300 мың, Қырғыстаннан 730 мың, Тәжікстаннан 330 мың, Түркиядан 90 мыңдай адам келген. Ал 6 млн адам керісінше шетелге кеткен. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде 650 мың шетелдік уақытша жүр.
А. Қуаш