Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда «AMANAT» партиясының мүшелері 100 баланы циркке апарды

AstanaTV
27.12.2022ж. 20:00
1706
Алматыда «AMANAT» партиясының мүшелері 100 баланы циркке апарды

Алматыда «AMANAT» партиясының мүшелері 100 баланы циркке апарды

Алматыда «AMANAT» партиясының мүшелері ерекше қажеттіліктері бар және көпбалалы отбасыдан шыққан 100 бүлдіршінді циркке апарды. Қайырымдылық шарасы партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында ұйымдастырылды. Балалар жаңа жылдық қойылымды тамашалап, мерекелік көңіл-күйге бөленді. Сондай-ақ оларға арнайы тәтті сыйлықтар табысталды. Кішкентай көрермендердің арасында 14 жастағы Іңкәр де бар. Жеткіншектің анасы осындай мүмкіндік үшін ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірді.

Зәуре ИТЕНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүгінгі мерекелік іс-шараға шақырып отырған «AMANAT» партиясына ризашылығым өте көп. Бүгін балаларға тәтті сыйлықтар беріп жатыр. Кез келген балаға ұнайды ғой. Біздің ерекше балалар реабилитация, емдеу, ем шараларында көп жүреді де, мұндай жерлерге өте сирек шығамыз. Сондықтан, осындай мүмкіндік беріп жатқаны өте керемет.

М. Жақан