Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қорқынышты Хаги Ваги ойыншықтарын сатуға тыйым салынды

AstanaTV
28.12.2022ж. 20:00
2152
Қорқынышты Хаги Ваги ойыншықтарын сатуға тыйым салынды

Қорқынышты Хаги Ваги ойыншықтарын сатуға ресейліктер тыйым салды. Көрші мемлекеттің сапаны бақылау бойынша ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ойыншықтан бірқатар кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталған. Зерттеу жұмыстарына қатысқан ең ірі 18 сауда дүкеніндегі сөрелерден тауар толықтай алынды.Еліміздің бірқатар өңірінде де бұл ойыншықтың сатылымына шектеу қойылды.

Дамир ТАЙГҰЛОВ, ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Осы жылдың басынан бастап 11 айдың ішінде бүкіл ҚР бойынша 2850 ойыншық алынып зерттелген болатын. Қазақстан бойынша 8 хаги ваги алынған екен жылдың басынан бастап, таңбалау талаптарына сәйкес болмағаны анықталды. Орталықтарда ол жоқ болуы міндетті. Біз анықтаған жерден ұйғарым бере аламыз.

Хаги Ваги ойыншығын саудалау үшін талаптар сақталмаған. Өнім таңбалау бойынша сәйкес келмейді. Дайындаушы елдің атауы, импорттаушының атауы мен орналасқан жері, онымен байланысуға арналған ақпарат көрсетілмеген. Дайындалған күні, пайдалану кезіндегі ерекше сақтық шаралары, ойыншық немесе баланың жасын білдіретін пиктограмма ескертілмеген. Сондықтан мұндай өнімдерді Павлодар, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облысының сауда сөрелерінен талапқа сай келмегендіктен алынып тасталды.

Ә. Дүкембаева