$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бір қоянның бағасы – 10 мың теңгеге дейін барады

AstanaTV
28.12.2022ж. 20:00
3410
Бір қоянның бағасы – 10 мың теңгеге дейін барады

Әр жылдың әртүрлі сипаты бар. 2023 жыл «көк немесе қара су қояны» жылы деседі. Қоян жылынан не күтеміз? Халық жорамалы қандай?

Қостанай облысында қоян шаруашылығы болмаса да, он-жиырма, отыз өсіріп отырғандар жетерлік. Жарнамаларға көз жүгіртсек, ор қоян, ақ қоянның көбі суретке түсу үшін жалға беріледі екен. Ал оның еті диеталық тізімге жатады. Бір қоянның бағасы – 10 мың теңгеге дейін барады. Жергілікті университет зертханасында қоянның түр-түрі бар. Олар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жан-жақты бақылау жасау үшін қажет.

Ертай ЕРЖАНОВ, ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:

Қорқақ деп айтады. Бірақ өте қорқақ сияқты емес. Қаншама көріп келеміз.Балалар ұстайды. Кішкентай кезінен қолға үйреніп жүрсе. Нәзік.Жұмсақ.Ұнайды өзі тазалығы жағынан.

2023 жыл - қара су қоянының жылы. Мұндай "қара" және "су" үйлесімі 60 жылда бір рет кездеседі екен. Яғни, осыған дейін 1963 жыл - қара су қоянының жылы болған.

Рауан БАЙДАЛЫ, ТАРИХШЫ:

Екі рет президент сайлауын өткіздік тәуелсіз Қазақстанда.Сонан кейін Азиада ойындары өтті.Қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымына мүше болған.

Қоян - өсімтал жануар. Тез көбейеді. Бизнеске барынша тиімді. Ебін тапса, одан әртүрлі өнім алуға болады. Терісі де, еті де сұранысқа ие, дейді мамандар. Ал нумеролог Гүлмира Зуркина жаңа жылдан не күтуге болатынын болжап отыр.

Гүлмира ЗУРКИНА, НУМЕРОЛОГ:

Қоян жылы тыныш, тұрақты болады. Экология және медицина саласында жаңашылдықтар көп болады. Сондай-ақ, қоян жылы – отбасы жылы. Басы бостар теңін тауып, айырылысқандар қосылады. Адамдар отбасымен көбірек уақыт өткізуге талпынады. Бизнес саласында жұмыс істемегендер де өзін сынап көрсе болады. Тек абай болу керек. Адамдар коммуникация мен өзгерістерге ашық болады.

Жаңа Жылдан тек жақсылық күтеміз. Қамбалы қоян жылы молшылық пен мереке, берекенің басы болсын.

З. Санай