Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"АМАNАТ" партиясының облыстық филиалдарында жаңа төрағалар сайланды

AstanaTV
28.12.2022ж. 20:00
1659
"АМАNАТ" партиясының облыстық филиалдарында жаңа төрағалар сайланды

«АМАNАТ»-тың Қостанай облыстық филиалы жылды қорытындылап, конференция өткізді. Облыстағы партияның қабылдау бөлмелеріне биыл 5 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскен. Оның жартысынан көбі оң шешімін тапты. Ал 2511 адамға заң аясында кеңестер берілген. Келелі жиында филиалдың жаңа төрағасы болып Бибігүл Аққожина сайланды.

Бибігүл АҚҚОЖИНА , «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ағымдағы жылы партияның өңірлік және аумақтық филилдарының жұмысы жаңғырту бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Ұйымдастыру шылық - құқықтық тұрғыда біз барлық филиалды әділет органдарында дер кезінде қайта тіркеуден өткіздік. Партия билеттерін айырбастау аяқталуда. Бүгінгі таңда барлығы 43 мың 521 жаңа үлгідегі билеттер берілді.

Шымкент қалалық филиалы да жылдық жұмысын қорытындылады. Биыл 9 өңірлік-қоғамдық кеңесте 124 мәселе қаралып, жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар беріліп, оң шешімдер қабылданды. Ашық дауыс беру арқылы филиал төрағасы сайланды. Ол – бұған дейін Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы болған Бахадыр Нарымбетов. Ал филиалдың атқарушы хатшысы Жанар Бектаева жылдық қорытындымен қатар алда тұрған міндеттерді атады.

Жанар БЕКТАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Қалалық мәслихаттың «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында қалалық сайлауалды бағдарламада орындалмай қалу қаупі бар іс-шаралар бойынша тиісті басқармаларға ескертулер айтылып, жауапты фракция мүшелеріне қатаң бақылауға алу тапсырылды. Аталған индикаторлардың орындалуын бақылау мақсатында жылдың қорытындысымен 85 пайызды құрайды деп күтілуде.

А. Серік