Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Арнайы операциялық жасақтар қалай жұмыс істейді?

AstanaTV
29.12.2022ж. 20:00
2298
Арнайы операциялық жасақтар қалай жұмыс істейді?

Қорғаныс министрлігі биыл құрылған арнайы операциялық жасақтардың қалай жұмыс істейтіні туралы айтты. Арнайы операция күштері қолбасшылығы Мемлекет басшысының Жарлығы негізінде құрылған. Ол бойынша Әскерлер қолбасшысы тағайындалды. Күштерді құрайтын құрамалар мен бірліктер анықталады. Оларды қамтамасыз ету, әскери және басқа да техниканың қару-жарақтарының тиісті үлгілерімен жабдықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Жеке құрам оқытылып жатыр дейді құзырлылар.

Алпамыс ӨТЕПОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Арнайы операциялық күштерді орналастыру дағдарысты оның басталу сатысында локализациялаудың нақты құралын қолдану сияқты. Қазіргі уақытта әуе шабуылы әскерлерін кез келген бағытта жылжымалы жұдырық ретінде нығайту шаралары қабылдануда. Бірінші кезекте әскери бөлімшелер жоқ жерде арнайы операциялық күштермен бірлесіп әрекет етеді.

Д. Оңласын