Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мәжіліс депутаттары шаруалармен кездесіп, Жер кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

AstanaTV
09.08.2016ж. 20:00
2459
Мәжіліс депутаттары шаруалармен кездесіп, Жер кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

«Нұр Отан» партиясы әр өңірде Жер кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгін Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина Павлодар өңіріндегі бір топ шаруалармен кездесті. Халық қалаулысы республикалық жер комиссиясының жұмысына тоқталып, бұл мәселеге қатысты елдің ой-пікірін тыңдады.

Солардың бірі - «Штрек» шаруа қожалығының иелігінде 6 жарым мың гектар алқап бар. Онда бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық пен күнбағыс өсіріледі. 1992 жылы ашылған шаруашылық - Успенка ауданындағы қарқынды дамып келе жатқан бизнес құрылымының бірі. Қожалық басшысының айтуынша, 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын-терім кезінде олардың саны еселей түседі. Мәжіліс депутатымен кездесуге келген ауылдықтар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды. Соның бірі - ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құны. Айтуларынша, мал ұстап, оны бағып-баптауға кететін шығын тауар бағасынан мейлінше жоғары.

Дайырбек Исабаев, механик:

Бір арба шөп алғанда 50 мың тұрады. Ал, сол қара малды ұстағанда, бір басты бір жыл ұстаймыз. Тапсырғанда 100 мың шығарады. Оның үстінен қаншама жем кетеді оған. Су кетеді. Астын тазалау керек. Еңбек қой. Уақыт кетеді. Есептегенде, үйде қара мал ұстаған жұмысымыз оған тұрмайды.

Айгүл Нұркина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Осыдан 13 жыл бұрын қазақ жерінің шетелдіктерге сатылмайтындығы заңды тұрғыда бекітілген еді. Өйткені  жер - ол біздің басты байлығымыз. Ол біздің тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің белгісі. Сондықтан да қазір жер анамыздың бос жатпай, жұмыс істеп, жемісін бергені қажет. Бұл ретте шаруалар да оған қамқорлық танытып, баптауы қажет деп санаймын.

Субсидиялаудағы жеңілдіктер, төмен пайыздық несие - «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының халыққа берер мүмкіндігі. Ауыл шаруашығымен айналысатын елдегі ағайынға бұл игіліктер көп мәселені шешуге жол ашқаны рас. Осыны айта келе, халық қалаулысы мемлекет ұсынып отырған аталған жеңілдіктерді пайдалануға шақырды. Қожалық өкілдерінің тыныс-тіршілігімен танысқан Айгүл Нұркина шаруалардың күнделікті жұмысымен танысты. Мәжілісмен тіпті парламент орынтағын бір сәт алпауыт комбайнның кабинасына айырбастап, алып көлікті тізгіндеп көрді. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ