Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

"Іске қосылған реформалар бұдан әрі даму үшін серпін береді", - Е.Қарин

AstanaTV
30.12.2022ж. 20:00
1933
"Іске қосылған реформалар бұдан әрі даму үшін серпін береді", - Е.Қарин

«2022 жыл Қазақстан тарихындағы ең қиын, сонымен қатар, маңызды жылдардың бірі болды». Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм каналына осылай деп жазды. Ол реформалар жылы болғанына басымдық берген. Президент екі мәрте Жолдау жасап, саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасы іске қосылғанын, конституциялық реформа жасалғанын айтты. Басты саяси нәтижелерінің бірі – билік әлеуметтік консолидацияны қолдап, белгілі бір жаңа деңгейге көтере алғандығы,- деп жазды.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Биыл іске қосылған реформалар бұдан әрі даму үшін серпін береді. Сондықтан осы жылдағы президенттік реформалар келесі 2023 жылдың да саяси күнтәртібін айқындауды жалғастырады деп айтуға болады. Өтіп бара жатқан жылда қоғамдық алаңда аздаған трансформация басталды. Елдің қоғамдық-саяси өмірінде жаңа тұлғалар, қозғалыстар мен бірлестіктер, жаңа партиялар пайда болды.

А. Серік