Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралдық шебер пластик құтылардан түрлі әскери техника құрастырады

AstanaTV
05.01.2023ж. 20:00
1937
Оралдық шебер пластик құтылардан түрлі әскери техника құрастырады

Оралдық шебер Марат Багаутдинов пластик құтылардан түрлі әскери техника құрастырады. Оның коллекциясында қазір 500-ден астам танкі бар. Шебер өзінің қолынан шыққан титімдей танкілердің әрқайсысы туралы сағаттап айтуға дайын. Жігіт ағасы бұл іспен отыз жылдай айналысып келеді. Басында ұшақ моделін жасағанымен, қанатты техника тым нәзік әрі көп орын алды дейді. Сондықтан, танкі құрастырып, түрлі әскери композициялар жасауды меңгерген. Қазір оның коллекциясында І және ІІ дүниежүзілік соғыста қолданылған әскери техниканың 500-ден астам түрі бар. Жұмыстан босағанда сүйікті ісіне кірісетін шебер кәсібі табыс әкелмесе де, еңбегінің еш кетпесіне сенімді. Әзірге бұл бұйымдарға мектеп оқушылары ғана қызығады екен. Үйінде орын болмағасын, әскери техникалардың көшірмесі қазір музейде тұр.

Марат БАГАУТДИНОВ КОЛЛЕКЦИОНЕР:

Бұрын ескі тоңазытқыштың материалын пайдалансақ, қазір сусын құятын жұқа пластик құтыдан түрлі техника құрастыруға болады. Бір модельге кемінде бір күн, тіпті бірнеше ай кетуі мүмкін. Өйткені кейде қол тимейді, шабыт болмай қалады. Конструктор үшін көңіл-күй де маңызды. Мысалы, броньды пойыз платформасын сызбаның жоқтығынан 15 жылдан бері аяқтай алмай келемін.

Е. Карин