$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Перзентханада "қараусыз қалдым" деген атыраулық жас ананың видеосы әлеуметтік желіні шулатты

AstanaTV
06.01.2023ж. 20:00
2506
Перзентханада "қараусыз қалдым" деген атыраулық жас ананың видеосы әлеуметтік желіні шулатты

Атырау қалалық перзентханасында "қараусыз қалдым" деген жас ананың видеосы әлеуметтік желіні шулатты. Бейне жазбада келіншек қалалық перзентхананың 3- қабатында жалғыз өзі жатқанын және ешқандай медицина маманының жоқтығына шағымданады.

Видео кешкі мезгілде түсірілген. Бөлімшеде расында да жас босанған әйелден басқа тірі жан жоқтығы анық көрініп тұр. Палаталар да бос. 3-қаңтар күні жүктіліктің 35-інші аптасында босанған ол баласының сарғаюына байланысты ем алып жатқан. Аталған жағдайға қалалық перзентхана қызметкерлері жауап берді. Айтуларынша, жаңа туған нәрестелер потологиясы бөлімшесінде орын болмағандықтан, уақытша босанғаннан кейінгі бөлімге жатқызған. Жас ананың қасында тағы 3 келіншек болыпты. Оларды кезек-кезек, босаған орынға орналастырған кезде жас ана 2 сағатқа бір өзі қалған. Дегенмен дәрігерлер бұған дейін бала да, ана да уақытылы бақылауда болды,- дейді. Жұмысымызды жоққа шығарды деген ақ халаттылар әлеуметтік желідегі жариялым бойынша заңгермен ақылдасып, шешім қабылдаймыз деп отыр.

Гүлназ БИСЕНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ПЕРЗЕНТХАНАНЫҢ БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл әйелді бір орын босағандықтан, кешкі сағат 7лерде көшірік 4інші этажға. Ол 2-3 сағат уақытқа ғана сол отелениеде бір өзі қалды. Палата дайын болғанға дейін бір өзі болды. Бұл кісі сол аралықта видеоны түсіріп отыр, мына жақта жалғыз қалдым деп. На самом деле 4 әйел болып жатты. +Ол аралықта акушер мен медсестра родзалға әйел мен бала әкелуге кеткен. Қасында телефонын беріп кеткен, бірдеңе болса маған соғыңыз деп.

Б. Надірқызы