$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада тоқтаусыз жауған қалың қар үйлерді басып қалды

AstanaTV
06.01.2023ж. 20:00
1935
Астанада тоқтаусыз жауған қалың қар үйлерді басып қалды

Астанада тоқтаусыз жауған қалың қар үйлерді басып қалды. Жолдар жабылып, тіпті тұрғындар жұмыстарынан кешікті. Қар тазалау жұмыстарын тілшіміз бақылап қайтты.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Қалың жауған қардың салдарынан мынау үйлердің бәрін қар басып қалды. Тіпті, аяқ алып жүрудің өзі қиын. Шамамен биіктігі жарты метрге жуық. Ал, тұрғындар болса үйлеріне жол ашумен әлек.

Зейнеткер Тұрсын Жанбаевтың қолынан күрек түспегеніне 5 күн болыпты. Қалың қарды күреп шаршаған. Шамасы келгенше жолды ашып қойып жатыр. Бірақ толық тазарта алар емес. Өйткені, қар күнделікті жауып жатыр.

Тұрсын ЖАНБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қар шығарумен енді 5 күн болды ғой өтірік емес. Шығарып жатырмыз енді күшім келгенше оларда шығарып жатыр қар шығаратындар. Біз осы жерге шығарып қоямыз алып кетеді. Енді әлі жауады дейді ғой аяз келеді дейді. Соған дайындалып жатырмыз міне қарды шығарып.

Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары да қарға көміліп қалған. Көліктер кептеліп, жолға шыға алмай жатыр. Жаяу жүргіншілерге де оңай соғып тұрған жоқ.

БЛИЦ:

- Жігіттер жұмыс істеп жатыр. Үлгере алмауда. Себебі, қардың көлемі көп. Ал, былай молодцы.

- Мысалы мен тұратын жақта қар тазаланбаған. Үйіме әрең кіріп шығамын. Бірақ түсіністікпен қараймын. Жұмыс оңай емес.

Астана қаласы бойынша қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам жұмысшы мен 1300-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

Бағжан СӘБДЕНОВ,"САРЫАРҚА" АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Осы қалың қар жауғалы әр кезектікте яғни күндізгі бригада кешкі бригада 10 мың текше метр қардан шығарып жатыр. Көшелер ғана емес аулаларды да тазартудамыз. Біздің аудан бойынша әр аулада жұмыс графигі ілінген.

Қыс мезгілі басталғалы Елордадан 1,4 миллион текше метрден астам қар шығарылды. Бұл 113 мыңнан астам жүк көлігіне тең. Ал, синоптиктер болса алдағы күндері тағы күн суытып, қар жауады деп болжам жасап отыр.

Д. Онласын