Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оралда көлік ішінен 4 адамның мәйіті табылды

AstanaTV
09.01.2023ж. 20:00
1841
Оралда көлік ішінен 4 адамның мәйіті табылды

Оралда көлік ішінен 4 адамның мәйіті табылды. Олар - 16 мен 18-дегі жасөспірімдер. Қайғылы оқиға қала іргесіндегі Сарытау ықшамауданында болған. Балалар гаражда тұрған көлікке жылыну үшін отырып, қыздырып қойған. Мәшинені оталдырған жастар түтінге уланғанын байқамай, иіс тиіп көз жұмыпты. Полиция департаментінің ақпаратынша, олардың бірі қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқиды. Мектеп өкілдері бозбаланың жақсы оқитынын, спортпен айналысатынын жеткізді.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

«ВАЗ-2114» автокөлігінің ішінен 4 адамның мәйіті табылды. Олар 2004 жылы туған азамат және де 2006 жылы туған жасөспірімдер. Алдын ала болжам бойынша бұған көміртегі тотығымен улануы себеп болған. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркеліп, жазатайым оқиға ретінде тіркелді.

Е. Карин