$498.34 €519.72 ₽4.85
×

10 жасқа дейінгі балалар ғарыштан келген бе?

AstanaTV
09.01.2023ж. 20:00
2259
10 жасқа дейінгі балалар ғарыштан келген бе?

Балаңызды тәрбиелеу, тілін табу қиын ба? Ұрысып та, дос болып та көрдіңіз, нәтиже шықпады. Ендеше перзентіңіз индиго бала болуы мүмкін. Мұны қалай түсінеміз? Индиго деген кімдер? Әріптесім Дәрібек Бахытбек мамандармен сөйлесті.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Қазір индиго бала көп. Яғни, басқа адамдар үшін біртүрлі. Бірақ ерекше балалар. Олардың мінез-құлқы ауыр, қимылы оғаш көрінуі мүмкін. Ал олар қайдан келді? Қалай пайда болды? Олар ғылыми тәжірибе жемісі ме, әлде көктен түсті ме?

Нұрлан Пайызов - көпбалалы әке. Ол өзінің кішкентай баласын индиго деп санайды. Ашушаң, сезімтал екенін жасырмайды. Алайда мінезі ауыр болғанымен ойлау қабілеті жоғары дейді.

Нұрлан ПАЙЫЗОВ, КӨПБАЛАЛЫ ӘКЕ:

Мен балаларымның тәрбиесін қатты қадағалаймын. Алайда, олар қиындыққа тап болғанда абыржып, өзгелердің түсіністікпен қарамайтынына ашуланып жүреді. Сыртқа шыққанда өзімізбен алып жүреміз жалғыздықты ұнатпайды. Еш уақытта өзгеге жағымпазданып жатқан көрген емеспін. Тек өзінің қалағаның жасайды. Кейде оларды индиго ма деп қаламын.

Мамандардың айтуынша, индиго-бала өзгелерден ерекше, тіпті керек десеңіз олардың ДНК құрылымы да басқаша болады. Олар жердің ақпарат өрісімен тікелей байланысқа түсе алатын биокомпьютер сияқты қабілетке ие. Көп нәрсені алдын ала біледі. Олардың ережесі қалыптасып қойған, сондықтан қоғамға бейімделуі өте қиын. Мұндай баласы бар ата-аналар оған өте ерекше ықыласпен қарап, әрдайым қолдап, қолпаштап отырмаса болмайды дейді.

Балабек САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ:

Қарым-қатынастын басқаша түрі керек. Өйткені ол өте сезімтал балалар болып келеді. Сәл нәрсеге ренжіп қалады. Қоғамда өзі қатарлы балдардан өзін толық анықтай алмайды. Және жоғары интелектуалды деңгейі жоғары болғандықтан олар балалардың деңгейінде әрекет ете алмайды.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше индиго балалардың ми бөліктерінің екі жағы бірдей дамиды. Олар өз мақсаттары жолында тынбай еңбектенеді. Белгілі бір нәтижеге жетпейінше тоқтамайды. Статистикаға сүйенсек, әлемдегі 10 жасқа дейінгі балалардың 90% индиго қатарына кіреді.

Д. Оңласын