Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Ресей мен Түркия қарым-қатынастарын жандандыруға мүдделі

AstanaTV
10.08.2016ж. 20:00
2461
Ресей мен Түркия қарым-қатынастарын жандандыруға мүдделі

Ресей Түркиямен арадағы жағдайды жақсартып, екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыратын арнайы жоспар қабылдамақ. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Түркия басшысымен Санкт-Петерборда өткен кездесуден соң мәлімдеді деп хабарлады Рейтерc агенттігі.

Түркиялық делегацияның құрамында министрлердең бөлек, ірі компаниялардың басшылары бар. Олардың барлығы екі ел арасындағы қарым-қатынастың жандануына мүдделі. Бірінші кезекте – «Түрік ағыны» газ құбыры жобасы тұр. Владимир Путиннің сөзінше, соңғы бес айда мемлекеттердің тауар айналымы 43 пайызға кеміген. «Мәскеу мен Анкараның соңғы кездегі достығы тым күрделі, тіпті драмаға толы», - деген Ресей басшысы, бүгінгі қадамдарын «ақылдың үстемдік құруы» деп бағалады.

Владимир Путин, РФ президенті:

Біздерге сауда-экономикалық қарым-қатынасты жандандыру бойынша күрделі жұмысты қайта атқаруға тура келеді. Жұмыс басталды, біраз уақытты талап етеді. Туристтік ағынның жандануына тек уақыт қажет. Ең бастысы, сіздер жақтан азаматтарымыздың қауіпсіздігі саталуы тиіс. Оған бүгін көзіміз жетті. Енді чартерлік әуе қатынасты қалпына келтірудің жолдарын іздестіреміз.

Басшылар ресейлік Су-24-тің апатынан кейін екеуара салынған санкцияларды жоюға келісті. Түркия президенті бұл оқиғаны "елдердің достығына көлеңке түсірген жағдай" деді. Реджеп Тайып Ердоған орыс-түрік арасының салқындауына түркиялық оппозиционер Фетхулла Гүленнің де қатысы бар деген пікір білдірді. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ