Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Астана әкімдігі «Баспан-Көктал» тұрғын үйінің үлескерлерін іздейді

AstanaTV
10.08.2016ж. 20:00
2532
Астана әкімдігі «Баспан-Көктал» тұрғын үйінің үлескерлерін іздейді

Елордада үйсіз қалған үлескерлер қатары азаймай тұр. "Сақалды" құрылыстың осы жолғы құрбандары - «Баспан-Көктал» кешенінің тұрғындары. Бүгін олар қала әкімдігінің алдына келіп араша сұрады. Жиналған жұрттың ішіндегі ынталы топты қала әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун қабылдады.

«Баспан-Көктал» кешенінің бас мердігері "Орал-Дизайн-стройсервис" ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Әкімдік өкілдері тергеу кезінде мердігер басшылығына қатысты алаяқтық және бөтеннің мүлкін иемдену деректері расталғанын жеткізді. Жалпы «Баспан-Көктал» кешенінің 900-ден астам үлескері бар екен. Оның тек 470-і арыз жазған. Сондықтан қалалық әкімдік осы кешеннің қалған үлескерлерін іздестіріп жатыр. Ал мәселе биыл шешілмеуі мүмкін деп отыр.

Сергей Хорошун, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары:

Тәжірбие көрсетіп отырғандай, мердігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан бастап, нақты шешім қабылданғанға дейін кем дегенде 8 айдан 12 ай уақыт қажет. Ондай мысалдар бізде жетерлік. Қазіргі күні ол серіктестіктің барлық есеп-шоттарына аудит жүріп жатыр. 20 тамызда аудит аяқталады, ал 26 тамызда ведомствоаралық комиссияның отырысында осы мәселені талқылайтын боламыз.

Берік ХАСЕНОВ