Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елімізде психологқа жүгінетіндер көбейді

AstanaTV
10.01.2023ж. 20:00
1131
Елімізде психологқа жүгінетіндер көбейді

Соңғы уақытта елімізде психологқа жүгінетіндер көбейді. Әсіресе, орта жастағы азаматтар жиі баратын көрінеді. Жұрттың жүйкесі неге жұқарды? Мамандар не дейді? Әріптесім Дәрібек Бахытбек зерттеді.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Мен құмар ойынға тәуелдімін... Менің қарызым көөөп..... Мені ешкім жақсы көрмейді... Дәл осы секілді мәселе көп қазір қоғамда. Айналаға қарасаң, ашулы, қабағы қатулы, шаршаған, жанталасқан жан жетеді. Бірдеңе десе, бетіңе бажырайып қарайды, не арп ете қалады. Ал енді біреулер, керісінше, өмір - кереемет. Мен- кереметпін. Мен ғана күштімін. Менің қолымнан бәрі келеді деп өмірді белшеден басуда. Жанталасқан жұрт та, жақсылыққа ұмтылған ел де психологияға жаппай бет бұрды.

Бұл - Диана Осипова. Ол небәрі 20 жаста. Айтуынша, жеке басында қаржылық қиындық пен отбасылық проблема бар. Оны психологтың көмегімен жеңіп келемін дейді.

Диана ОСИПОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен бала күнімнен психологқа барамын. Себебі, өмір болған соң кейде проблемалар болады. Сондай сәттерде психологқа барсам, жеңілдеп қайтамын. Кейде дұрыс шешім қабылдауыма көмегі болады. Мысалы жақында менде қаржы жағынан үлкен мәселем болды. Одан кейін отбасылық проблемалар да қабаттасып кетті. Психологқа барудың арқасында шүкір қазір бәрінен жәймен құтылып келемін.

Мамандардың айтуынша, тұрғындардың көбісінің жүйке жүйесі жұқарған. Олардың дені- 20-40 жаста.

Серікгүл САЛИ, ПСИХОЛОГ:

Адамның рухани әлемінде жан дүниесі бір кедейлік болады тақыр сондай өмірдің мәнің түсінбеу жақтары болады. Осының емін табу тек психолог маманның қолынан келетін іс екен қазір адамдар түсініп отьр. Сондықтан айдан айға, жылдан жылға сұраныс артып отыр.

Әлеуметтік желіде әлеміңізді әдемілеймін дегендер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті.. Олардың бар мақсаты не?

Ашық дереккөздегі мұндай психологиялық тренингтерге қатысуға ниеттілер көп. Қазір психологқа бару мүлде ұят емес дейді олар. Керісінше көп созбау керек. Егер бейсанадағы процестер асқынып кетсе, психологиялық патологиялық ауруларға әкелуі әбден мүмкін.

Д. Онласын