Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Шетелден қаржыландырылатын ұйымдар Үкіметке есеп береді

AstanaTV
10.08.2016ж. 20:00
2403
Шетелден қаржыландырылатын ұйымдар Үкіметке есеп береді

Екі айдан соң шетелден қаржыландырылып келген жеке және заңды тұлғалар Үкіметке есеп береді. Бұл «Төлем және төлем жүйелері туралы» өзгерістер енгізілген заңнамада қарастырылмақ. Бұл туралы заң жобасын таныстырған Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы хабарлады.

Дәулет Ерғожин, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы: 

Бұл өзгерістер шетелдік азаматтар мен ұйымдардың қаржысына елде заңды көмек беретіндерге, немесе шетелдіктердің қаржысына қоғамдық пікірлерге зерттеу жүргізетіндерге, сонымен қатар сырттан келетін ақшаға ақпарат жинап, сараптама жариялайтын ұйымдарға қатысты.

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы көлеңкелі бизнестің 25 пайызға төмендегенін де айтты. Яғни жалған құжаттар мен салықты азайтып төлеу мақсатында жалған фирмаларды қолдану фактілері азайған. Нарықта құны 2 млрд теңге болатын контрабандалық тауар жойылған. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ