$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астана қаласында бір күнде 254 адам травматология бөліміне түскен

AstanaTV
11.01.2023ж. 20:00
1983
Астана қаласында бір күнде 254 адам травматология бөліміне түскен

Ал Астана көшелері көктайғақ мұз. Айнадай жылтырап жатыр. Бұл тұрғындардың жүріп тұруына айтарлықтай кедергі келтіруде. Әбігерге түскен жұрттың әлегін әріптесім Дәрібек Бахытбек айтады.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Дәл мен секілді жұмысққа асыққанда өте қауіпті. Жердің бәрі мұз, тайып құлауын мүмкін. Міне айтып, ауыз жимадық ұшып түстім. Әйтеуір абырой болғанда Құдай сақтап майып болмадым.

Аурханада ем алып жатқан мына балақай көкмұзға тайып құлаған. Жарақат алып, қолын сындырды.

Дилара САХИПОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жаңа жылдан бері қар тазаланбады. Балам далаға шыққан кезде мұзды байқамай қалды. Тайып құлап, қолын сындырды. Үш күннен бері ауруханадамыз.

Дәрігерлер, соңғы күндері тайып құлап, жарақат алушылардың қатары көбейгендігін айтады. Астана қаласы бойынша, бір күнде 254 адам травматология бөліміне түскен. Оның тең жартысына жуығы -көшеде жарақат алғандар.

Болатхан ЛЕПЕСБАЕВ, №2 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЛАЛАР ТРАВМАТОЛОГЫ:

Қазіргі ауа райына байланысты келіп жатқан балалар күрт өсіп жатыр. Өйткені, каникулда горкаға барады. Мұз айдынға барады. Сол жерден барып жарақат алып жүрген бала көп қазір. Мысалы қазір 10 күн ішінде бізге 124 бала қабылдауға келді. Соның ішінде 8 бала ауруханаға жатқызылды. Операция жасалды, кейбіреулері жатқызылды.

Барлығы бірдей дәрігердің көмегіне жүгінбесе де құлап жатқандар аз емес. Ауыр жарақат алушылар көбеймес үшін тұрғындар көшенің мұзын ойып, тазартылса дейді.

БЛИЦ:

- Тайғанақ, әрине, біз сияқты қария жандарға жүру қиын. Жүре алмайсың мына тайғанақта, бүкіл қала қалашық мұз айдынына айналған сыңайлы

- Иә құлағам 1 жыл больничныйда болдым. Сосын міне жәйлап келе жатырмын.

- Құлап жатыр ғой. Вообще жүруге не жоқ. Хоть бірдене сепсе ғой.

Қаланы қар мен мұздан тазарту жұмысына 1000-ға жуық техника мен 1800 ден аса жұмысшы жұмылдырылған.

Әсел ЕДИНОВА, АСТАНА қ. АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Күн сайын тротуарлармен жаяу жүргіншілер өткелдерін құм, тұз қоспасымен тұзбен және реагентпен себу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ мұздың кейбір жерлері қолмен тазалауды қажет етеді. Өйткені қатты аязда себу жұмыстары дұрыс нәтиже бермейді.

Мұзды еріту жұмыстары оңай еместігін сала мамандары ескертті. Күн жылығанша көктайғақта қадамыңызды асықпай, нық басудан басқа амал жоқ.

Д. Онласын