$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мәжіліс депутаты әйелдердің зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды

AstanaTV
11.01.2023ж. 20:00
1982
Мәжіліс депутаты әйелдердің зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды

Дүниеге сәби әкелген әйелдер зейнетке ерте шығуы керек. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов осындай ұсыныс айтты. Айтуынша, туылған әр бала үшін зейнетке шығу жасын 2 жылға қысқарту керек. Сонда үш сәбиді дүниеге әкелген ана 6 жыл ерте демалысқа шыға алады. Бірақ, кемитін жылдар саны 10-нан артық болмауы тиіс.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақстандық әйелдер демалғысы келетіні табиғи нәрсе. Кеңес заманында әйелдер 5-6 бала өмірге алып келді, ауыр үй жұмысын істеді, өндірісте еңбек етті. Сондықтан ерте зейнетке шығу әйелдер мен аналардың еңбегі үшін әділ өтемақы болды. Соңғы үш жылда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 1,5 жылға қысқарғанын да айтып өткен жөн.

Ал, депутат Гүлдара Нұрымова сұлулық салондарындағы дәрігерлердің қызметін бақылауды ұсынды. Өйткені қазір медициналық білімі жоқ адамдар да операция жасап жүр. 2022 жылы бақылау комитетіне түскен шағымдар саны үш есеге өскен.

Гүлдара НҰРЫМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қандай асқынулар болуы мүмкін екенін және тағы басқасын білмей, бет пен мойын тіндеріне қалай манипуляция өткізуге болады? Мұндай псевдокосметологтардың қызметінің нәтижесі аллергиялық реакциялар, нервтердің парездері мен параличтері, қан тамырларының тромбоздары, тіндердің некрозы, флегмондар, абсцесс, птоз, бұлшықет спазмы, күйіктер, электр жарақаттары, эритемалар, пигментация, тіндердің тыртық өзгерістері, операциядан кейінгі әртүрлі асқынулар, тіпті өлім болуы мүмкін.

А. Задабек