14 қаңтарда өтетін Сенат депутаттары сайлауына 55 кандидат түседі. Республика бойынша 3 168 дауыс беруші қатысады. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының мәліметінше, сайлау учаскелері таңертең сағат 10-да ашылады, ал дауыс беру сағат 11-де басталады. Еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутаты сайланады. Депутаттыққа кандидаттардың 95,5%-ы өзін-өзі ұсынған.
Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Сенат депутаттарын сайлау бюллетеніне 55 кандидат тіркелді. Оның ішінде Алматыдан 4, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Жетісу, СҚО және Түркістан облыстарынан 2 кандидат бар. Басқа өңірлерден және Астана мен Шымкентте 3 кандидаттан тіркелген.
А. Базарбай